☝ДIН ИСЛАМ - ДIҢГЕГIМ✅
Қайғысыз өткен күндерің үшін,
Жер басып тірі жүргенің үшін,
Жақсылықтар мен жамандықтардың,
Не екендігін білгенің үшін,
Шүкір ет бауырым Аллаға!
Уайымсыз ішкен ас-суың үшін,
Сауықпен өткен жастығың үшін,
Қимайтын әркез бауырластық пен
Үзілмес мәңгі достығың үшін,
Шүкір ет бауырым Аллаға!
Соғыссыз ашық аспаның үшін,
Қара жер үстін басқаның үшін,
"Өмір" дейтін бұл үлкен кітаптың,
Беттерін сенде ашқаның үшін,
Шүкір ет бауырым Аллаға!
Шаттық пен бақыт көргенің үшін,
Мұң менен зарды жеңгенің үшін,
Әкеңнің айтқан ақылын тыңдап
Анаңның сүтін емгенің үшін,
Шүкір ет бауырым Аллаға!
Шуаққа толы таңдарың үшін,
Мұратқа бастар арманың үшін,
Адам боп келіп мына фәниге
Адам боп қана қалғаның үшін,
Шүкір ет бауырым Аллаға!
Тоқтаусыз аққан әр аптаң үшін,
Жылдар мен күндер,сағаттар үшін,
Ақыл мен сана,ой-өріс беріп
Хайуаннан артық жаратқаны үшін,
Шүкір ет бауырым Аллаға!
Маңдайға жазған тағдырың үшін,
Деніңнің аман-саулығы үшін,
Шүкір ет бауырым Аллаға сен
Барлығы үшін, барлығы үшін...